14 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Қыркүйек 25, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Шаруалар қой терісін өртеуге мәжбүр

Елдегі тері өндірушілер илегенге ірі қара малдың терісін таппай жүр. Себебі мыңдаған дана сиыр терісі сырт елдерге шикізат ретінде кетеді. Тығырыққа тірелген тері өндірушілер мен шаруалар биліктен көмек сұрап отыр, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Айжан Умбеткали
25.07.2022
Жаңалық, Қоғам
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Ал қойдың терісі шетелге өтпейді. Сондықтан шаруалар шикізатты амалсыз қоқысқа тастайды. Бұрын ұсақ мал терісінен де табыс тауып келген шаруалар қазір оны тиынға болса да алатын адам таппай жүр. Қозыбай Атбағаровтың күнделікті жұмысы – жаңа сойылған мал терісін қоқысқа шығару. Тері тау болып үйілген соң оны қоқыс полигонына жөнелтеді. Айнала өлексе сасымас үшін тері төгілген жерді күн сайын өртеп тұруға тура келеді.

«Мал терісі бұрын табыстың бір көзі болса, бүгінде шаруаларға қосымша жүк болып тұр. Қой терісін ешкім алмайды. Керек болмағасын күнделікті қоқысқа кетеді. Осы аймақта қанша шаруа бар. Бәрінікі қоқыста жатыр», – деді шаруа Қозыбай Атбағаров.

Отандық өндірушілердің де қой терісін өңдегісі келмейді. Өйткені одан жасалған жартылай фабрикатқа шетелден сұраныс жоқ. Ал елімізде иленген қой терісінен бұйым жасайтын отандық кәсіпорын жоқ. Есесіне жылына елімізде екі жарым млн данадан астам ірі қара мал терісі жиналады. Оның өзін делдалдар ақшасы үшін шетел асыруға бейімделіп алған.

«Аусылға (мал індеті) байланысты теріні ресейге шығармайтын. Қазір аусылдың карантин уақыты бітіп, шекара ашылып, ірі қара малының терісі ресейге жөнелтіліп жатыр. Тікелей өзіме қатысты айтсам, зауытта қазір тері жоқ. Тері жоқ болған соң зауытымыз тоқтап тұр», – дейді Қазақстандағы тері өндірушілер қауымдастығының төрағасы Нұрман Нүптекеев.

Қазақстанда ірі қара мал терісін өңдейтін 10 кәсіпорын бар. Олардың көбі кейде істемей, тұралап қалады. Бірінің тозығы жетсе, енді біріне шикізат жетіспейді. Осы уақытқа дайын теріден бұйым жасайтын өндіріс орыны іске қосылмапты. Қазір тері өндіру саласының фукцияларын Индустрия министрлігінен Ауыл шаруашылығы министрлігіне толық өткізу жұмысы жүріп жатыр.

Елімізде былғарыдан бұйым жасайтын кәсіпорынның нарықтағы үлесі небәрі – 4%. Қазір екі зауыт қана жұмыс істеп тұр. Оның өзі кеңестік кезеңнен қалып, қайта жөндеуден өткен, жаңа өндіріс орны ашылмады.

Қазір тері өндірушілер қауымдастығы мен Ауыл шаруашылығы министрлігі теріден желатин жасайтын зауыт құрылысы үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Сонда елдегі бүкіл мал терісі тамақ өндірісіне бағытталмақ.

Тегтер: ірі қара мал

Ұсынымдар

Алматы облысы мен Қырғызстан арасында тауар айналымы 15%-ға өсті

25.09.2023

Алматы облысында республикалық зияткерлік ойын өтті

25.09.2023

Қонаевта жылу қашан берілетіні белгілі болды

25.09.2023

Мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

25.09.2023

Америкада екінші адамға шошқаның жүрегі салынды

25.09.2023

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы тағайындалды

25.09.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz