Сыртқы сұраныс жоғары болғандықтан, шаруалар картопты шетелге сатуды тиімді деп санаған. Соның салдарынан елде баға күрт өсті. Шенеуніктер шектеу енгізуден басқа амал қалмады дейді.
Дегенмен, тыйым Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне (Ресей, Беларусь) қатысы жоқ, керісінше, Қазақстанның батысына картоп осы елдерден жеткізіліп жатыр.