Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Славян базары» байқауында қазақ қызы Гран-при иегері атанды

Беларусь елінде өткен дәстүрлі «Славян базары» халықаралық эстрада әншілерінің байқауында қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.07.2025
Жаңалықтар

2025 жылғы байқау қорытындысы бойынша Жетісу облыстық филармониясының әртісі Алмагүл Батталиева Гран-при иегері атанып, жалпы 137 ұпай жинады. Финалдық кезеңде ол «Вечность» әнін шебер орындап, көрермен мен қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленді.

Байқау барысында отандасымыз вокалдық жағынан күрделі, әлемдік және ресейлік хит әндерді шеберлікпен орындап, ерекше дауыс мүмкіндігі мен сахнадағы харизмасын көрсетті. Қазылар алқасы әншінің кәсіби деңгейін жоғары бағалап, басты марапатты ұсынды.

Бірінші орын Беларусь өкілі Валерия Бернатовичке бұйырды. Екінші орынды Армениядан Давид Киракосян мен Италиядан Доменико Барбера бөлісті. Ал үшінші орын Ресейден келген Эрик Ахметов пен Қырғызстан атынан қатысқан Рыскелді Старбековке табысталды.

Айта кетейік, «Славян базары» – ТМД елдері арасындағы беделді музыкалық байқаулардың бірі. Жыл сайын түрлі елдің талантты өнерпаздары бұл сахнада өз елінің намысын қорғап, жоғары деңгейде өнер көрсетуге тырысады. Алмагүл Батталиеваның жеңісі – қазақстандық эстраданың халықаралық деңгейде мойындалғанының айқын дәлелі.

Тегтер: жеңімпазСлавянский базар

Соңғы жаңалықтар

Какие районы Алматинской области показали наибольшую явку на референдум

Николай Иващенко
16.03.2026

ИКСИ «Социс-А» объявил результаты экзитпола на референдуме по принятию новой Конституции РК

Николай Иващенко
16.03.2026

Из маленьких историй сложился большой день

Николай Иващенко
16.03.2026

Референдум – 2026: озвучены предварительные итоги

Николай Иващенко
16.03.2026

Какая погода будет на этой неделе в Алматинской области

Николай Иващенко
16.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz