Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

СҚО-да 16 жасар жасөспірімге іздеу жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысында 12 сағат бұрын ешкімге ескертпестен демалыс орнынан кетіп қалған 16 жасар жасөспірімге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Alataunews.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

21.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

СҚО Айыртау ауданында 16 жастағы Николай Веберге іздеу жарияланды. Жасөспірім бүгін таңғы сағат 6:00 шамасында Имантау елді мекенінде орналасқан «Айбек» демалыс базасынан ешкімге ескертпестен белгісіз жаққа кеткен.

Баланы іздеуге волонтерлер де атсалысып, фотосы мен ол туралы мәліметті әлеуметтік желіде таратты. 12 сағаттан бері жасөспірім жайында еш дерек жоқ. Николайдың бойы 170-175 см шамасында, арықша келген, шашы қоңыр, қысқа. Үстінде түрлі түсті қысқа шалбар, қара жейде және қара аяқ киім болған.

Баланы көргендер 8 (777) 307 99 65, 8 926 626 64 33 және 102 нөміріне хабарласа алады.

Бұған дейін іздеу жарияланған Сергей Багинскийдің денесі табылды. Естеріңізге салайық, Тайынша ауданы, Келлеровка елді мекенінің 58 жастағы тұрғыны мамыр айының басында үйінен кетіп, қайтып оралмаған еді.

Ал із-түссіз кеткен түркістандық төрт жасөспірім Петропавлдан аман-есен табылды. Олар ешкімге ескертпестен үйден кетіп, ел араламақ болған.

16 жастағы жасөспірімдердің біреуін полиция Пестрое көлінің маңынан тапты.

Кейін қалған үшеуін де анықтап, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырды.

Тегтер: іздеу салындыСҚО

Соңғы жаңалықтар

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Али Хаменейдің ұлы Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы атануы мүмкін – БАҚ

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz