-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

СҚО-да «шошқа» және «гонконг» тұмауы тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында суық тиіп науқастанғандар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге артты. Отбасымен ауырып жатқандар бар

Назым Текеспаева
28.12.2022
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, өңірде ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай сырқаттанушылықтың маусымдық өсуімен сипатталады. Эпидемиологиялық маусым басталған 1 қазаннан бері ауырғандардың 65% 14 жасқа дейінгі балалар.

Облыс аумағында тұмау өршіген. Өңірде В типті тұмаудың зертханалық расталған 244 жағдайы тіркелді. 8 адам «шошқа» тұмауын жұқтырса, жақында «гонконг» типті атанған тұмаудың 3 жағдайы анықталды.

«Симптомдары да, емдеу жолдары да бірдей. Бұрындары тұмау қаңтар-ақпан айларында, яғни жаңа жылдан кейін тіркелетін. Биыл ерте басталды. Отбасымен ауырып жатқандар бар. Өйткені, тұмау болсын, жедел-респираторлық вирустық инфекция болсын ауа тамшылары арқылы, тұрмыстық затпен таралады. Сондықтан бір бөлмеде, бір пәтерде тұрғандықтан жұқтырмау мүмкін емес», – дейді Әсет Жұматаев.

Ауырғандардың 49-ы жүкті әйел болса, 78-і бала, соның ішінде 44 оқушы және 8 балабақша тәрбиеленушісі бар. Тұмауды жұқтырғандардың жартысына жуығы – Петропавл тұрғындары.

Тегтер: СҚОтұмау

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz