Оқиға орнынан видео Instagram-да жарияланды. Бейнежазбадан полиция қызметкерлерін, өрт сөндіру қызметінің арнайы көліктерін және мектеп айналасында жүрген адамдарды көруге болады.
«Талғардағы №3 орта мектептің оқушылары мен қызметкерлері эвакуацияланды. Ақпаратқа сәйкес, жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен. Оқу орнында орнатылған бомбаның бар-жоғы тексеріліп жатыр. 1421 адам қауіпсіз жерге көшірілді», – делінген бейнежазбада.
Бұл жайтқа қатысты облыстық білім басқармасы өкілдері пікір білдірді.
«Талғар ауданындағы №3 орта мектеп ғимаратына полиция бөлімінің кезекші бөліміне бомба қойылғаны туралы хабарлама түскендіктен мектеп эвакуацияланды. Қазіргі уақытта арнайы қызмет жұмыс істеп жатыр», – делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ Алматы облыстық полиция департаменті мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскенін растады.
«23 қараша сағат 14.45-те кезекші бөлімге Талғар қаласы №3 орта мектебіне қойылған бомба туралы ақпарат келіп түскенін хабарлайды. Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері басқа уәкілетті органдармен бірлесіп 1000 оқушыны, 90 оқытушыны, 25 техникалық персоналды эвакуациялады. Қазіргі уақытта саперлер ғимаратта жарылғыш заттардың бар-жоғын тексеру үшін арнайы операция жүргізіп жатыр», – дейді облыстық полиция департаменті.