19 °c
Qonaev
Бейсенбі, Қазан 5, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

«Филип Моррис» сот  алдында жауап береді

Ақерке Жұмағазықызы
05.07.2022
Жаңалық, Қоғам
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Филип Моррис» сот  алдында жауап береді. Алматы облысының мамандандырылған экономикалық соты аталған ұйымның қыздырылатын темекіні тұтынуға арналған затқа ашық жарнама жариялайтыны және темекіні ел арасында танымал етуге бағытталған  iqos_kaz инстаграм аккаунтын бұғаттау және әлеуметтік желіден біржолата жою туралы жазылған біздің талап-арызымызды қабылдады», – деп жазды «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коалациясының көшбасшысы Жәмила Садықова өзінің Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, IQOS-ты өндіруші Америка  2020 жылдан бастап күшіне енген заң бойынша Қазақстанда темекіні, темекіге теңестірілген затты жарнамалауға болмайтынын білетін көрінеді.

«Олар өз істерінің заңға томпақ келетінін жақсы түсінеді. Бірақ, жылына 9 млрд доллар пайда көріп отырған компания қай-қайдағы «СТАН»-ның тәртібіне бағынсын ба? Керек десеңіз, пысқырып та қарамайды. Олар біздің елді табыс көзіне айналдыру үшін ғана жүр, «стандықтардың» пікірін тыңдау үшін емес. Филип Морристің басшысы және ғалымы Жизель Бакер біздің ескертпемізді естіді. Естіді де, қыңқ етпеді. Олардың аккаунты өте танымал. Қазақстандық блогерлер жасөспірімнің қылығын жасап жүр. Бұл инстаграм парақшасында қазақстандық поп музыка өнерінің жұлдыздары бой көрсетті, ғалымсымақ Смаилов та IQOS-ты жарнамалады. Түсірілім тіпті керемет, сапалы, әдемі. Өздерін әрі өзгені жарнамалауда бұлар алдына жан салмайтын болып тұр ғой», – деп жалпақ жұрттың жанашыры ұйым жайлы айтты.

Алдағы уақытта Жәмила Садықованың сенімді серігіне айналған спикерлер сот процессінің қалай жүргізіліп жатқандығы жайлы ақпаратпен бөлісетін болады.

Тегтер: ЖШС

Ұсынымдар

Алматы облысында 11-сынып оқушысы мотоциклмен апатқа ұшырады

04.10.2023

Алматы облысында егіздер көп дүниеге келген – статистика

04.10.2023

Алматы облысында неміс мамандары қазақ фермерлеріне сүт өндіруді үйретеді 

04.10.2023

400 мың теңгені ұрлап кеткен Алматы облысының тұрғыны ұсталды

04.10.2023

Алматыда бір мектеп қызылшаға байланысты қашықтан оқуға көшті

04.10.2023

Алматы облысында тұмауға қарсы егу басталды

04.10.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz