Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Теміртауда көпқабатты үйде газ жарылды

Теміртауда төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Alataunews.kz жергілікті төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. Онда көпқабатты үйде газ жарылған. Соның салдарынан подьездегі 4 пәтердің күл-талқаны шығып, тағы 16 баспанаға айтарлықтай зақым келген. Төрт адам зардап шеккен.

17.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Жарылыстың күштілігінен көршілес көпқабатты үйдің терезелері сынған. Апат болған 80 пәтерлі үйдің тұрғындары эвакуцияланып, оқиға орнында құтқарушылар мен арнайы комиссия келіп жұмыс істеп жатыр. Орталық газ жүйесіне қосылған үйдегі жарылыс үшінші қабаттағы бір пәтерде болған. Құтқаруышылар үйінді арасынан төрт адамды алып шыққан. Оның үшеуі жеңіл жарақат алса, біреуінің аяғы мен бас сүйегі сынып ауруханаға жатқызылды.

«Жарылыс болған үшінші қабаттағы пәтер мен екінші қабаттағы пәтердің, одан кейін 3 пен 4-тің арасындағы төбе құлаған. Сынған заттар бірінші қабаттың үстінде жатыр. Салдары қатты, сондықтан бұл үйдің екінші подьезінде тұруға болмайды деп есептеймін», — деді Қарағанды облысы ТЖД басшысы Мұрат Қатпанов.

Теміртау қаласы әкімінің қаулысымен төтенше жағдай жарияланды. Қайрат Бегімов үй бюджет есебінен қалпына келтірілетінін жеткізді. Апатты подьездегі 16 пәтердің тұрғындары әзірге туған-туыстарын паналайтын болды. Қалғаны қонақүйге орналастырылмақ. Алдағы күндері тұрғындардың барлығы уақытша баспаналарға бөлінеді. Ал подьезді жөндеу немесе бұзу керектігін арнайы комиссия шешеді. Бұзған жағдайда, тұрғындарға баспана беру меселесі қаралады.

Тегтер: газоқиғаТеміртау

Соңғы жаңалықтар

Какие районы Алматинской области показали наибольшую явку на референдум

Николай Иващенко
16.03.2026

ИКСИ «Социс-А» объявил результаты экзитпола на референдуме по принятию новой Конституции РК

Николай Иващенко
16.03.2026

Из маленьких историй сложился большой день

Николай Иващенко
16.03.2026

Референдум – 2026: озвучены предварительные итоги

Николай Иващенко
16.03.2026

Какая погода будет на этой неделе в Алматинской области

Николай Иващенко
16.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz