Сот мәліметінше, әншінің қорғаушысы сотқа оны кепілдікпен босату жөнінде өтініш түсірген. Іс қаралған.
«Кеген аудандық соты күдікті Төреғали Төреәліні 10 млн теңге кепілдікпен босату жөніндегі істі қарады. Кепілдікпен босату ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексте қарастырылған», – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Көлсай демалыс аумағында гидті соққыға жыққаны үшін Төреғали Төреәлі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған болатын.
Оған қатысты қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.
Аталған бап бойынша екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген.