17 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Қыркүйек 27, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Түркістан облысында 6 жасар баласын балталап өлтірген әкеге қатысты үкім шықты

Түркістан облысында 6 жасар баласын балталап өлтірген әкеге 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Ғалия Мұхамбетқызы
30.07.2022
Жаңалық, Оқиға
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Оқиға биылғы 4 наурызда болған.

«Сот тергеуінде анықталғандай, сотталушы өзінің 2016 жылы туған баласын тоғайға «отын жинаймыз» деп алдап апарған. Онда жәбірленушінің сол жақ самай сүйегіне темір балтаның тегіс жағымен соққы жасаған. Содан баласының денесін көтеріп, шабылған жиде ағашының томар астына ыңғайлап қойып, темір балтаның үшкір жағымен мойын аймағынан бірнеше рет соққы жасап, шауып өлтірген», – делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оған педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты қызметтерді атқаруға 10 жылға тыйым салынды.

Сот тағайындалған жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуді белгіледі. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: қылмыстық ісоқиғаТүркістан облысы

Ұсынымдар

Алматы облысында көлік қаққан қыздардың бірі Алматыға жеткізілді

26.09.2023

Ажар Ғиният қарияларға коронавирусқа қарсы егілуге кеңес берді

26.09.2023

Елімізде сібір жарасын 32 адам жұқтырған – Денсаулық сақтау министрі

26.09.2023

Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы қола жүлдегер атанды

26.09.2023

Азиада – 2023: Қазақстанның ерлер командасы нысана көздеуден күміс медаль жеңіп алды

26.09.2023

Рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккені үшін салынатын айыппұл өседі

26.09.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz