Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге жаңа үйдің кілті табыс етілді

Президент Режеп Тайып Ердоған азаматтарға Түркияда апат аймағында салынған жаңа үйлердің кілтін табыс етті.

23.04.2023
Жаңалықтар

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Газиантеп провинциясының Нурдагы ауданының Белпынар ауылында, Кахраманмараш провинциясының Местхююк және Түркоғлы Өзбек ауылдарында жеке үйлердің кілтін тапсыру рәсіміне қатысты.

Президент салтанатты шараға қатысушыларды Рамазан мерекесімен құттықтады.

«6 ақпандағы жойқын жер сілкінісінен 15 күн өткен соң, жаңа үйлердің фундаменті қаланды. Апат аймағында барлығы 507 мың пәтер мен 143 мың жеке үй салынады. Олардың 319 мыңы биыл тапсырылады. 60 мыңға жуық пәтердің фундаменті қаланды. Бұл жұмыстар үздіксіз жалғасуда. Біздің міндетіміз жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарды мүмкіндігінше тезірек жаңа заманауи үйлерге көшіру», — деді президент.

Ол апат аймағындағы барлық қала мен ауылдың инфрақұрылымы жаңартылып жатқанын атап өтті. Бұл бағытта бірнеше мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Олардың бірі фермерлерді пайызсыз несиелермен қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекет басшысы Газиантепте жоспарланған 50 мың пәтерге қосымша тағы 50 мың пәтер салынатынын айтты.

Президент Ердоған жаңа үй иелеріне кілттерін табыстап, жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарды барлық бағытта қолдау көрсетілетінін айтты.

 

1 of 4
- +

Айта кетейік, Түркияда әлсін-әлсін жер сілкінісі бүгінгі күнге дейін тіркеліп отыр.

Жойқын екі зілзала 6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында болды. Магнитудасы 7 балдан асты. Тербеліс елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда сезілді. Осы табиғи апаттан Түркияға келген шығын 105 млрд доллардан асты.

Түркияда 6 ақпан – 31 наурыз аралығында 22,5 мың жерасты дүмпуі тіркелді.

Соңғы ресми деректерге сәйкес, зілзала 50 096 адамның өмірін қиды. 107 204 адам зардап шекті.

Тегтер: баспанажер сілкінісіРежеп Тайип ЕрдоғанТүркия

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

10 наурыз: Алматы облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz