Оның айтуынша, су тасқынының келесі кезеңі еліміздің Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарындаболуы мүмкін.
«Аталған өңірлерде алдын алу шаралары белсенді жүргізіліп жатыр. Күштер мен құралдар резерві, соның ішінде әскери бөлімшелер де алдын ала жіберілді. Жағдай толық бақылауда. Қажет болған жағдайда қосымша күштер жөнелтіледі», – деді вице-министр.
Вице-министрдің мәліметінше, су тасқыны кезеңі басталғалы ел аумағында шамамен 4,3 миллион текше метр су сорылған, 600 мыңнан астам құм салынған қаптар төселіп, 800 шақырымнан астам арықтар тазартылған.
Сонымен қатар, 383 адам эвакуацияланып, 51 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге көшірілген, олардың барлығы кейін өз иелеріне қайтарылды.
Су тасқыны салдарынан 176 жол учаскесін су шайып, 25 жерде жолдарды су жырып кеткені тіркелген. Қазіргі таңда 21 автожол мен 5 су шайған учаске бақылауға алынған.
Бұл жағдайға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі барлық ресурстарды жұмылдыруға дайын екенін жеткізді.
Фото: youtube.com/@ansa2573 скриншот