Монеталарда Отан қорғаушылардың батырлығы мен жанқиярлық ерлігі көрініс тапқан. Дизайнында мәңгілік алау бейнеленіп, «80» саны жеңіс лентасын елестетеді. Ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы элементтерімен үйлесімді стильде жасалған.
Коллекциялық топтамаға екі түрлі монета енген:
🔹 Күміс монета – алтын жалатылған, 925 сынамды күмістен жасалған. Салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм. Түрлі-түсті баспа технологиясымен әзірленген, дайындау сапасы – «proof». Номиналы – 1 000 теңге, таралымы – 2 000 дана.
🔹 Биколорлы айналымдағы монета – нибрасс пен нейзильбер қоспаларынан құйылған. Салмағы – 7,5 грамм, диаметрі – 26 мм. Дайындау сапасы – «uncirculated», номиналы – 200 теңге. Бұл монеталар 10 миллион дана көлемінде шығарылып, Қазақстан аумағында еркін айналымда қолданыла береді.
Аталған монеталар Жеңістің тарихи маңызын ұрпақ жадында жаңғыртып, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында шығарылып отыр. Олар – тарихи жады мен мәдени мұраны сақтау жолындағы маңызды бастама.