Қырғыз милициясының ақпараты бойынша оқиға Балыкчы-Ананьево-Каракол тас жолының 97-шақырымда болған. Lexus RX 330 көлігінің 41 жастағы жүргізушісі Nissan Micra көлігімен соқтығысып рөлді басқара алмай, артынша велосипедте келе жатқан азаматты қағып кеткен. Алматы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды.
Жеңіл атлетикадан жаттықтырушы Мұрат Жүзгенбаевтың жанында шәкірті, спортшы қыз болған. Ол зардап шеккен жоқ деп хабарлайды.
Қазір Қырғызстан полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр