Рейтингке қазақстандық боксшы, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) да енді. Ол әлемнің ең мықты 20 боксшысы тізімінде 20-орыннан көрінді. Бұл – Жәнібек үшін P4P рейтингіндегі алғашқы ену.
Эдвардстің айтуынша, рейтингтің көшін америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) бастап тұр. Оның артынан украиналық Александр Усик (23-0, 14 KO), жапон шебері Наоя Иноуэ (29-0, 26 KO), ресейлік Дмитрий Бивол (24-1, 12 KO) және Артур Бетербиев (21-1, 20 KO) үздік бестікке енген.
Ал әлемдік бокстың символына айналған мексикалық Сауль «Канело» Альварес (62-2-2, 39 KO) рейтингте 8-орынға тұрақтаған.






