Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен британдық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) арасында орта салмақта WBO тұжырымы бойынша уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек 21 мамырда өтеді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Бұл жекпе-жек ESPN телеарнасындағы бокс кешінің басты оқиғасы болмақ.
«Сейсенбі күні Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум арасында WBO тұжырымы бойынша уақытша чемпиондық атақ үшін промоутерлік келісім жасалды. Олар 21 мамырда ESPN арнасының басты жекпе-жегінде кездеседі», – деп жазды журналист Дэн Рафаэль өз Twitter парақшасында.