-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

«Жайлы мектеп» жобасы Алматы облысындағы үш ауысымдық мектептердің мәселесін шешеді

Мұны өңірдегі Тамыз кеңесіне қатысқан ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Ақерке Жұмағазықызы
24.08.2022
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Осыдан 2-3 жыл бұрын ғана облыс бойынша үш ауысымда білім беретін 30 мектеп бар еді. Қазір оның саны екі есе артқан. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те өз сөзінде айтып өтті. Аталған бағытта енді мектеп құрылысы басқаша жүргізіледі. Яғни, «Жайлы мектеп» жобасы аясында тек мектеп салып қана қоймай, ол жерде балалардың оқуына қолайлы жағдай жасалған ба, жоқ па? Сол мәселе де қарастырылатын болады», – деді министр.

Оның айтуынша, мысалы, дене шынықтыру сабағы спорт залда 2-3 сыныпты біріктіріп жүргізіледі. 1200 орындық мектепте 1 ғана спорт залы бар. Балалар ол жерде екі ауысымда оқитын болса, 2400 оқушыға 1 спорт зал жеткілікті ме? Жобаны жасауда осы сұрақ алға шықты.

«Жайлы мектеп» жобасында тек спорт залдарының ғана түйіні емес, асхана, арнайы пән кабинеттері мәселесі толық қамтылады. Және аталған ұлттық жоба бойынша салынған әр мектепте бастауыш сыныптары үшін бөлек блок болуы тиіс», – деп атап өтті өз сөзінде Асхат Аймағамбетов.

Оқу-ағарту министрінің сөзіне сүйенсек, жақында өткен кеңейтілген Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа стандарттарға сай мектеп салуға тапсырма берді. Осы тапсырманы басшылыққа ала отырып, 2025 жылға қарай 1 миллион оқушы орнын беретін 1 мың мектеп салу жоспарланды.

«1 мың мектеп салу – жоғарыда айтқан жоба бойынша жүзеге асырылады. Жалпы, үш ауысымда балаларды оқыту – олардың қауіпсіздігіне, білім сапасына кері әсерін тигізеді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы 3 жылда  Алматы облысындағы оқу ордалары біртіндеп екі ауысымдыққа, одан бір ауысымды мектепке айналатын болады», – деп министр сөзін қорытындылады.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрі өзінің сұхбатында үш ауысымды мектеп және оқушы орнының жетіспеушілігі мәселесін шешпесек, 2026 жылға қарай 1 млн 200 мың оқушы орыны жетіспеушілігі болуы мүмкін деп айтқан еді.

Тегтер: Жайлы мектеп

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz