«Полицейлер үшін қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету бойынша әрқашан нақты міндет бар. Біз құқық бұзушылықтардың жолын кесуге, «нөлдік төзімділік» және жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз етуге тиіспіз. Мереке күндері көптеген адамдар көшеде жүргендіктен, біздің басты міндетіміз – қауіпсіздікті қамтамасыз ету», – деп атап өтті Көкшетау қаласының патрульдік полиция қызметкері Жәнібек Шакиров.
Көптеген заң бұзушылықтардың арасында алаңдаушылық туғызатындар бар – бұл мас күйінде ұйықтап кету. Тәртіп сақшылары көшеде ұйықтауға әуесқойлар сияқты азаматтардың контингентін құтқаруға әрдайым уақыт бола бермейтінін және оның салдары қайғылы болуы мүмкін екенін атап өтті.