Синоптиктердің мәліметінше, жақын күндері республика аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
1 шілдеде еліміздің батысы мен шығысында, 3 шілдеде солтүстік-батыста бұршақпен бірге қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Тек орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Сонымен қатар, батыс және оңтүстік өңірлерде желдің күшеюі мен шаңды дауылдар болуы мүмкін.
Синоптиктер алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде аптап ыстық болатынын ескертті:
-
Оңтүстік-шығыста күндіз +35…+39°С
-
2-3 шілдеде орталықта +35…+38°С
-
Оңтүстікте +40…+44°С дейін
-
3 шілдеде солтүстікте +30…+35°С жылы
Мамандар тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне дайын болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді. Аптап ыстық күндері далада ұзақ уақыт болмау, бас киім кию және көп мөлшерде су ішу ұсынылады.