Қазақстандықтардың көлік үшін төлейтін пайыздары банк шоттарына түседі және қайтадан сол жылдық 4%-бен несие түрінде беріледі.Сөйтіп жеңілдетілген автокөлік несиелерін беру қараша айында қайта басталады.
Ақша таусылғандықтан, жеңілдетілген автокөлік несиелерін беру тоқтатылған болатын.
«Айналмалы қорлар түсе бастады. Менің ойымша, айналым қаражаты қайтадан бағдарламаға енгізіліп, қаржыландыру қарашаның бірінші жартысында ашылады деп ойлаймын. Қараша айынан бастап жыл сайын 2000 автокөлік болады», – деді ол.
Ринат Ғаппаровтың айтуынша, сатып алушылар «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС зауыттарында шығарылған көліктерді таңдай алады.
Жеңілдетілген автонесие шарты бойынша, кез келген қазақстандық 4 пайызбен несиеге 10 миллион теңгеден аспайтын бағаға көлік ала алады. Бастапқы жарна 0 пайыздан басталады. Несие 7 жылға дейін қаржыландырылады.
Ал көлік 10 миллионнан қымбат болса, 1-2 миллионды өз қалтаңыздан төлеп, несие рәсімдеуге болады. Өте қымбат көліктерге жеңілдетілген автонесие берілмейді. Көлік құралының құны 15 миллион теңгеден аспауы тиіс.
Жеңілдетілген автонесиені рәсімдеу үшін Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек. Клиенттің жасы 21-ден асуы қажет. Тұрақты айлық табысы ресми дәлелденуі міндетті. Әрбір екінші деңгейлі банк өз клиентін жеке қарайтынын білген дұрыс. Оның ішінде тұтынушының несие тарихы, табыс көзі және тағы да басқа шарттар міндетті түрде қаралады.
Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейлі банктер белгілі болғаннан кейін, бірден жеңілдетілген несие алуға өтініш жазуыңыз керек. Бұл жылдам бітетін рәсім емес: банк сіздің төлем қабілетіңіз, несие тарихыңызды зерттейді, ай сайынғы табыс және тағы басқалары.
Әрі қарай тұтынушы автосалонға барып, отандық өндіріс автокөлігін таңдауы керек. Автосалонның өкілдері қарыз алушыға қолданылу мерзімі 5 банктік күннен аспайтын VIN-кодты көрсете отырып, төлемге шот береді. Тұтынушы банкке VIN-кодты көрсете отырып, төлем шотымен жүгінуі қажет. Банк өтінімді қабылдаған сәттен бастап тұтынушы электрондық кезекке тұрады. Банк тұтынушының төлем қабілетін және кредиттік тарихын қарап, оң шешім қабылданған жағдайда банк кредит беруге мақұлдауды және қолданылу мерзімі 5 банктік күннен аспайтын кепілдік хатын береді. Оны алғаннан кейін тұтынушы автокөлікті рәсімдеу үшін автосалонға жүгінуі тиіс.
Егер тұтынушы кепілдік хатты алған сәттен бастап 10 банктік күннен кешіктірмейтін мерзімде банктік қарыз шартын рәсімдемесе, ол кезектен автоматты түрде шығарылады.
Өтінім бергеннен кейін тұтынушы таңдалған автомобильдің маркасын және моделін өзгерте алмайды немесе кезекте тұрған орынды басқа жеке тұлғаға қайта тіркей алмайды.
Бас тартқан жағдайда қарыз алушы электрондық кезектен шығады және оның орнына жаңа қатысушылар қосылады.
Бағдарламаға бір тұтынушы екі жылда бір рет қатыса алады.
2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 13 307 несие мақұлданды, оның ішінде осы күнге дейін 10 000-нан астам автокөлік берілген.