Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы сайланды

27.06.2022
Аймақ, Жаңалықтар, Сұхбат

27 маусым күні Жетісу облыстық мәслихатының хатшысы Гүлнәр Тойлыбаеваның төрағалығымен Жетісу облыстық қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп, кеңес мүшелері ұсынысымен ұйымға Ерғазы Қошанбекұлы төраға болып сайланды.

Ерғазы Қошанбекұлы Қошанбеков 1955 жылы 25 қыркүйекте Алматы облысы Күрті ауданы Қарабек ауылында дүниеге келген. Алматы малдәрігерлік институтын және Д.А.Қонаев атындағы университетті бітірген. Еңбек жолын Балқаш ауданы Балатопар ауылында кеңшар жұмысшылары кооперациясының азық-түлік дүкенінің меңгерушісі болып бастап, әр жылдары «Құйған» кеңшарының кадр жұмысы бөлімінің инспекторы, ферма зоотехнигі, меңгерушісі, «Желтораңғы» кеңшарының бас зоотехнигі, Т.Бокин атындағы кеңшар директоры, Күрті және Балқаш аудандары ауылшаруашылығы басқармаларының бастығы, Балқаш ауданы әкімінің бірінші орынбасары және Балқаш ауданының әкімі, сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Сарқан ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

«Ерен еңбегі үшін», мерекелік медальдармен марапатталған, «Құрмет» Орденінің иегері. Балқаш, Сарқан аудандарының құрметті азаматы.

Сонымен қатар, отырыста қоғамдық кеңестің қызмет бағыттары бойынша комиссияларын құру, төралқа құрамын сайлау, кеңес туралы ережені бекіту, 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын қалыптастыру сұрақтары қаралып, талқыланды. Жиын соңында кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, алдағы атқарылар жұмыстар реті айқындалды.

Тегтер: Жетісу облысыоблыстық мәслихат

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz