Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жоғары оқу орындарының барлығына «Кәсіби қазақ тілі» пәні енгізіледі

Пән оқу орындарының оқыту тіліне қарамастан енгізіледі.

17.05.2023
Жаңалықтар

Қазақстандағы жоғары оқу орындарының барлығына оқыту тіліне қарамастан «Кәсіби қазақ тілі» пәні енгізіледі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Жауапта Ғылым және жоғары білім министрлігі тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдама жобасын әзірлегені жазылған. Тұжырымдама жобасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге және оның мәртебесін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар көзделген. Тұжырымдама жобасы ағымдағы жағдайды талдауға, халықаралық тәжірибеге шолуға, тілдік ортаға негізделген тіл саясатын жүргізуге, латын графикасына көшудің негізгі міндеттеріне, қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі қолданысын арттыруға, тіл үйрету әдістемесін жетілдіруге, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, қазақ тіліндегі контенттің үлесін арттыруға арналған негізгі бағыттардан тұрады.

Сонымен қатар Алтай Көлгінов қазір қазақ тіліндегі терминдерді жасақтау, оның ішінде шет тілдерінен енген терминдерді игеру бойынша бірқатар мәселелер бар екенін жеткізді. Сондай-ақ міндетті сипаттағы нормативтік терминологиялық сөздіктерді шығару мәселесі пысықталуып жатқанын айтты. Бұл сөздіктер бірінші кезеңде (болжам бойынша 2026-2027 жылдары) министрлік жанындағы Республикалық терминология комиссиясы бекіткен терминдер негізінде әзірленетін болады.

«Министрлік мектеп терминологиясын дамыту, ресми құжаттардың стилистикасын жетілдіру, оқыту тіліне қарамастан жоғары оқу орындарының бағдарламасына «Кәсіби қазақ тілі» пәнін енгізу, сондай-ақ қазақ тілінің ғылыми, ресми-іскерлік стильдерін дамыту мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелерін пысықтауда», – деп жазылған жауапта.

Тегтер: ЖООқазақ тілі

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Қонаевта №6 және №7 жағажайлар жаңартылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыру жөнінде кеңес өткізді

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына қол қойды

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Алматы облысында Наурыз жаңа форматта өтеді

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz