60 пәтерлік 5 бірдей тұрғын үй аудан орталығы Ұзынағаш ауылының кіре берісінде бой көтерген.
2021 жылы құрылысы басталған үйлер биыл қолданысқа берілуі тиіс.
«Баспана деген халыққа ең керек нәрсе ғой. Көрген көзді қуантатын еңселі үйлер салынып жатыр. Осы күзде қолданысқа 180 пәтер берілуі тиіс. Ауданда үй салу ісі мұнымен тоқтап қалмайды. Мемлекеттің бюджеті есебінен салынып жатқандықтан жұмыс барысы жіті бақылауымызда болады, депутаттар мониторинг жүргізіп, тексеріп отырады», – деді Талғат Байеділов.
Жергілікті атқарушы биліктің сөзіне сенсек, бұл үйлер нарықта ең арзан бағамен саудаланбақ. Шаршы метрі 180 мың теңгеден бағалануда. Тұрғын үй «Отбасы банк» арқылы үй кезегінде тұрған азаматтарға мемлекеттік бағдарлама арқылы берілетін болады.
Жалпы, Жамбыл ауданында 3 500-ден астам адам үйге кезекте тұр.