Аудан әкімі Бота Елеусізова тұрғындарымен кездесуде, 2023 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады.
Баяндамада өзекті мәселелерге тоқталды, оның ішінде инвестиция көлемі, өнеркәсіп өнімдері, аграрлық сектордың егін және мал шаруашылықтарының дамуы мен жеткен жетістіктерін ерекше атап өтті. Қазіргі таңда кәсіпкерлерге қолдау көрсету мен жеңілдіктер туралы «Ауыл аманаты» бағдарламасының төмендетілген пайызды несиелеріне, шаруалар қызығушылығының арта түскендігін аудан әкімі ерекше сөз етті.
Сонымен қатар, аудандық «Шарын кредиттік серіктестігі», «Кең дала», «Іскер», «Агро Бизнес» жобалары арқылы жыл басынан бері 11 кәсіпкерге 123 млн. теңге несие берілгенін айтты.
Жиын барысында проблемалық мәселелердің бар екенін, мәселелерді ерекше бақылауға алып, оларды шешу жолдарын қарастырып, нақты шараларды қабылдайтынын да жеткізді.