Еріктілер Талғар ауданына мониторинг жасау барысында 8 сібір жарасы көмілген жерді анықтаған, оның екеуінде ветеринарлық-санитариялық талаптар бұзылған.
«Арнайы ережеге сәйкес, сібір жарасы көмілген жерден 1000 метр арақашықтықта топырақ қазуға, орнын ауыстыруға, жер учаскелерін жеке меншікке жалға беруге, сатуға, бау-бақша өнімдерін егуге тыйым салынған. Ауданда осы талаптардың сақталмағаны белгілі болды», – деп жазды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті.
Еріктілер Антикормен бірлесіп ветеринариялық-санитариялық нормаларға сәйкестендіру үшін уәкілетті органға ұсынымдар жіберді.
Айта кетейік, Алматы облысында сібір жарасы ошақтарының саны – 99, олар 87 аумақта көмілген.