Ағартушылық жолда жүрген қауымның тәжірбие алмасу алаңына айналған бұл кеңеске өзге өңірлерден 155 педагог келеді деп отыр.
«Республикалық тамыз кеңесі аясында 24-25 тамыз күндері Есік қаласында Т.Молдағалиев атындағы мәдениет сарайы мен білім беру мекемелерінде секциялық және пленарлық отырыс өтеді, оған 700-ге жуық педагог және пленарлық отырысқа онлайн-режимде жалпы 20 мыңнан астам педагог қамтылады деп жоспарлап отырмыз», – деді спикер.
Жауаптылардың сөзінше, секция жұмысында «Edutest» орталығынан, БиС технологиясы бойынша кәсіби мамандар мен қатысушы педагогтер өзара пікір алмасып, ой бөлісетін болады.
Тамыз кеңесі заманауи ықпалдастырылған қауіпсіз білім беру ортасын құру, оқытудың инновациялық технологияларын мектеп тәжірибесіне белсенді түрде ендіру, сапалы білім беруге бағыттау мақсатында өтеді.