-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

«Еңкейген кәрі, еңбектеген бала суыққа тоңып отыр»: «Казахстрой» компаниясы салған үйлерден шу шықты

Алматы қаласының Наурызбай батыр ауданында "Казахстрой" компаниясы салған көпқабатты үйлерден шу шықты. Әрқайсысында 90 пәтері бар 28 көпқабатты үйге әлі күнге жылу берілмеген, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

Айдана Дайырова
31.10.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Alma city» деп айдар тағып заманауи жобамен салынған жаңа үйлер қыркүйек айының басында пайдалануға берілген. Суы да, жарығы да, жылуы да керемет деп уәде берген үйлерде қазіргі күні тұрғындар қалшылдап тоңып отыр.

«Төрт балам бар. Ең кішкентайым бір жасқа да толған жоқ. Үй суық. Әбден тоздық. Күні-түні көрпеге орап тастаймын», – дейді тұрғын Бота Ілесбек.

«Екі аптадан соң босанамын. Жаңа сатып алған баспанамыз өте суық. Амалсыздан 150 мыңға пәтер жалдап тұрып жүрміз. Суық үйімізге айына 150 мың, пәтерге 150 мың теңге төлеймін», – дейді тұрғын Ажар Жүнісбекова.

Тұрғындар ереуілге шыққанын естіп, Алматы қаласы Наурызбай ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық маманы мен «Казахстрой» компаниясының атқарушы директоры келді. Алайда, тұрғындармен арадағы жанжал ушықпаса азаймады.

«Әкім қайда? Жоқ. Келмейді де мұндай жерге. Қаншама рет айтып келеміз. Бұлар әне береміз жылуды, міне береміз деп бізді алдап келеді. Қаншама жылыту құралдарын сатып алдық. Электр жарығының ақшасы көбейіп кетті. Соның шығынын өтеп берсін», – дейді «Alma city» тұрғыны Камшат Саматова.

«Жылу мәселесі шешілмей тұрғындар неге қоныстанды?» деген сұрағымызға мамандар мардымды жауап бермеді.

«Үйді беру мерзімі келді. Су, электр жарығы, кәріз жұмыстары түгел бітті. Техникалық құжат дайын болғандықтан тұрғындарды кіргіздік. Бірақ жылу болған жоқ. Бұл мәселені кешенді шешу керек. Үйді пайдалануға бергенде жылу мәселесін шешіп үлгермедік. Қазір барынша проблеманы қалпына келтіруге тырысамыз», – дейді «Казахстрой» компаниясының атқарушы директоры Болат Ибрагимұлы.

«Жауапты мамандар бірінші көпқабатты үйден бастап жылу береміз, түнге дейін барлық ғимарат жылумен қамтылады» деп тұрғындарға уәде берді. Қазіргі күні 28 үйге төменгі температурада жылу біртіндеп беріліп жатыр.

Ұсынымдар

Алматы облысында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай кеңес өтті

01.02.2023

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды қабылдады

01.02.2023
Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілмекші

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

«Subaru» автокөлігі Қапшағайда мұз астына түсіп кетті

01.02.2023

Жетісу облысында сыртқы жарнама үшін негізсіз салық есептелген – Антикор

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz