-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Панфилов ауылының тұрғындары қоғамдық көліктің жоқтығына шағымданды

Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданының тұрғындарымен кездесті.

Ақерке Жұмағазықызы
21.12.2022
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Кездесу барысында ол жұртшылықтың көкейкесті сұрақтарына жауап берді.

«Панфилов ауылында Алматыға қатынайтын қоғамдық көлік жоқ. Жергілікті әкімдік өкілдері автобустардың бөлінетіндігі туралы тамыз айында уәде еткен. Алайда, бұл мәселе әлі өз шешімін таппады», – деді облыс әкіміне сұрақ қойған азамат.

Фото: Аслан Қажеке

1 of 7
- +

Ал Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, облыста қоғамдық көлік проблемасын шешу мақсатында коммуналдық кәсіпорын құрылды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен де келіссөздер жүргіздік. Себебі, облыста автобус паркі жоқ. Қазіргі таңда коммуналдық кәсіпорын үшін Алматы қаласының балансынан шыққан 300 автобусты алдық. Өткен жолы Талғар ауданында балалар тасымалымен айналысатын көлік бөлгіміз келгенде, олардың талаптарға сай келмейтіні анықталды. Бүгінде 20 автобус жөндеуден шықты», – деді облыс әкімі.

Фото: Аслан Қажеке

Аталған автобустар кезек-кезек жөндеуден өткізіліп, барлық аудандарға қолданысқа беріледі.

«Проблеманың бар екенінен хабардармыз. Ендігі жылы аудандарда қоғамдық көлік жүргізу үшін субсидия бөлінеді», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Тегтер: Алматы облысықоғамдық көлікПанфилов ауылы

Ұсынымдар

Түрмеге нанның арасына телефон жасырып өткізбек болған әйелдің әрекеті әшкере болды

01.02.2023

Алматы облысында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай кеңес өтті

01.02.2023

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды қабылдады

01.02.2023
Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілмекші

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

«Subaru» автокөлігі Қапшағайда мұз астына түсіп кетті

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz