-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қаратұрық ауылындағы мерекелік шыршаға әлеуметтік осал топтан шыққан 183 бала қатысты

Бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылында әлеуметтік осал топтан шыққан, мүмкіндігі шектеулі, асыраушысынан айырылған 183 балаға арналған мерекелік шырша өтті.

Ақерке Жұмағазықызы
26.12.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Аталған салтанатты кештің өткізілуіне Қаратұрық ауылдық округінің әкімдігі мұрындық болды. Шарада түрлі қойылымдар қойылып, әннен, биден шашу шашылды. Мерекелік шыршаға арнайы шақырылған балақайларға тәтті-дәмдіге толы қорап тарту етілді.

«Бұл кешті ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Ауылдық округтің құрамында 6 елді мекен болса да, осы уақытқа дейін ауқымды мерекелік шырша ұйымдастырылмаған. Демеушілермен ақылдаса отырып, Жаңа жылды осылай атап өтуді жөн санадық», – деді тілшілерге сұхбат берген Қаратұрық ауылдық округінің әкімі Айбек Ілебаев.

Аяз атаға тақпақ оқып, шағын концертті тамашалаған балалардың қуанышында шек жоқ.

«Бізге Жаңа жыл қатты ұнады. Балаларға тілерім келешектеріңіз кемел, болашақтарыңыз нұрлы болсын! Жалғаннан жамандық көрмей, өміріміз уайым-қайғысыз өтсін! Жаңа жыл құтты болсын!» – деді 1-сынып оқушысы Ақерке Дәулеткелді.

Айта кетейік, ауылдық округтің 17000-нан астам тұрғыны бар. Мұнда 56 мүмкіндігі шектеулі, 15 асыраушысынан айырылған бала тіркелген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыҚаратұрық ауылымерекелік шырша

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz