-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қонаев қаласында «Заң керуені» науқаны өтіп жатыр

Ауқымды шараның ұйымдастырылуына облыстық прокуратура мұрындық болды.

Ақерке Жұмағазықызы
02.11.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Бұл шараның басты мақсаты – «еститін мемлекет» тұжырамдамасы аясында халықпен тығыз қарым-қатынас орнату. Бүгінгі науқанға облыстық басқармалардың, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің, қалалық прокуратураның, басқа да құзіретті органдардың мамандары қатысып отыр», – деді облыс прокурорының көмекшісі Мақсат Абиров.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін бұл акция Іле, Талғар, Қарасай, Жамбыл аудандарында өткізілді. Бүгін науқан көші Қонаев қаласына келді. Ертең Еңбекшіқазақ ауданы орталығында ұйымдастырылады. Осылайша облыстың 10 ауданы түгел қамтылады.

«Шара барысында тұрғындардың кез келген сұрақтары қарастырылып, жауап беріледі. Мысалы, бұған дейін өткен кездесулер нәтижесінде 150-ге жуық адамның шағымы тыңдалып, оның 50-нен жазбаша арыз қабылданды», – деді прокурор көмекшісі.

Сондай-ақ ол жақында қолданысқа енген облыстық прокуратураның QR-коды туралы сөз қозғады.

«Біздің Instagram парақшамызда QR-кодтар орналастырылды. Бұл арқылы жұртшылық кез келген жерде, кез келген уақытта прокуратураға шағым түсіре алады», – деді Мақсат Абиров.

Айта кетейік, акция шаһардағы орта мектеп-гимназиясының акт залында кешкі 17.00-ге дейін жалғасады. Мекенжайы: 4 ш/а, 61/2 үйі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz