-12 °c
Qonaev
Сенбі, Қаңтар 28, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Сот алматылық атақты базарды мемлекетке қайтарды

Алматының Barys IV базары мемлекет меншігіне қайтарылады. Қалалық прокуратураның базарды қайтару туралы шағымын экономикалық соты қанағаттандырды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

Ғалия Мұхамбетқызы
04.10.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Мемлекеттік орган заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы мемлекет үлесін жекешелендіру кезінде заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі прокурордың талап қоюына негіз болып отыр. Сот талқылауы барысында талап арызда келтірілген дәлелдер расталды», – деді қалалық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Сот талап арызды қанағаттандырып, сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдағаны атап өтілген.

«Алматы прокуратурасының талап арызы қанағаттандырылып, сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылсын. Сот шешіміне соңғы шешім шығарылған күннен бастап бір ай ішінде апелляциялық және прокурорлық өтініш хат беруге болады», – деді судья Жанар Есембаева.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кету керек, Barys IV базарын 2013 жылдың желтоқсанында «Найза-БН» компаниясы мемлекеттен сатып алған. Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен келісімшарт жасалғаны белгілі болды. Бұған дейін Бас прокуратура бұл нысанның бес есе арзан бағаға сатылғанын хабарлаған болатын. Базардың нарықтағы құны 1,5 миллиард теңге болса, 307 миллион теңгеге сатылған. Осыған байланысты Алматы прокуратурасы келісім-шартты жарамсыз деп тану туралы талап- арызбен сотқа жүгінді.

Тегтер: мемлекетСот

Ұсынымдар

Өткен тәулікте 59 адамнан коронавирус анықталды

28.01.2023

Риддерде әйел 2 жасар баласын балконнан құлатып алды

28.01.2023

Қазақстанда құбыжық бейнесіндегі ойыншық сатылымына шектеу қойылуы мүмкін

28.01.2023

Шымкентте бірнеше шенеунік қамауға алынды

28.01.2023

Балқаш ауданының дәнді дақылдар өнімін арттыруға ғалымдар араласатын болды

27.01.2023
Фото: Аслан Қажеке

Шенеуніктердің тиімсіз жоспарлауы салдарынан бірқатар жобалар уақытылы іске аспай, ал қаржы игерілмей жатыр – Cұлтанғазиев

27.01.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz