-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Талдықорғанда 5 жасар қызын өлтірген әйел мен сыбайласы сотталды

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі соты 5 жасар қызын өлтірген анасы мен оның серігіне қатысты үкім шығарды.

Ғалия Мұхамбетқызы
28.12.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Айта кетейік, жеті ай бұрын Сарқан қаласының шетіндегі қоқыстан 5 жастағы қыздың денесі табылған болатын. Аружан есімді қыздың мәйіті қоқыста үш ай бойы жатқан. Қаңқасы ғана қалған баланың мәйітін далада ойнап жүрген балалар тауып алған.

Кейін қызды туған анасы мен нағашы ағасы қылқындырып өлтіріп, қоқысқа тастап кеткені белгілі болған. Ал баланы анасы 14 жасында босаныпты. Оны сол кезде ағасы зорлап, жүкті болып қалған.

Көп ұзамай полицейлер марқұмның 19 жастағы анасын ұстады, ол қыздың ақпанда аурудан қайтыс болғанын айтқан. Әйелдің айтуынша, қыз бала церебральды сал ауруына шалдыққан және ақыл-ойы кем.

Сот мәліметінше, сотталушылар Сарқан қаласының сыртында орналасқан кірпіш шығаратын зауыттың маңындағы қоқыс төгетін орынға келіп алдына ала сөз байласу арқылы, еш қарсылық көрсете алмайтын дәрменсіз жатқан жас баланы қылқындырып өлтірген, содан соң баланың мәйітін жасырып, екеуі оқиға орнынан таса болған.

«Баланы өлтіру дерегі бойынша нағашы ағасы мен шешесіне қатысты сот үкімі жарияланып, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», – делінген хабарламада.

Тегтер: Жетісу облысықылмыстық ісСарқан

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz