-11 °c
Qonaev
Сенбі, Қаңтар 28, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Талғар ауданында «Аналарды қолдау» орталығы ашылды

Орталықтың іргесінің қалануына Алматы облысы әкімдігі және жеке кәсіпкерлер себепші болды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

Ақерке Жұмағазықызы
30.09.2022
Аймақ
Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Биыл жазда облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Сонда біз Алматы қаласының қолдау орталықтарына қатынау қиын екенін айтып, одан қарағанда тұрғылықты жерімізде осы тектес ұйым ашуға ұсыныс білдірдік. Өтінішіміз жерде қалмады. Міне, бүгін өздеріңіз көріп отырғандай, ұйымның тұсауы кесілді», – дейді көпбалалы ананың бірі, ұйым жұмысының басы-қасында жүрген Толқын Саметова.

Ал «күміс алқа» иегері Кенжегүл Гуалиеваның айтуынша, бұл орталықтың мақсаты – аналарға «балық беру емес, қолдарына қармақ ұстату».

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл

«Осы жерде аналар шаш қиюды, тігін тігуді, массаж жасауды игеріп, ағылшын тілін тегін үйренеді. Сабақтар аптасына 3 рет 2 сағаттан өткізіледі. Әйелдер шеберлік сағатына қатысып жатқанда балаларына шет тілі үйретіледі», – деді көпбалалы ана өз сөзінде.

Толқын Саметованың айтуынша, көпбалалы аналарға тігін ісін үйретіп жатқан Гүлзада Бегімбетованың өзі де осы санатқа кіреді. Ол «Атамекен» ҰКП-ның «Бастау Бизнес» бағдарламасы арқылы өз ісін дөңгелеткен кәсіпкер.

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл

«Оған көпбалалы аналарға іс тігуді үйретіңіз деп қолқа салдық. Бірден келісті. Бұл шеберханада түрлі спорттық киімдер тігіліп, қолжетімді бағамен базарда саудаланады. Жақында өз брендіміз болады», – деді Толқын Саметова сөзін жалғап.

Шараға қатысқан облыс әкімінің баспасөз хатшысы аймақтағы басқа аудандарда да осындай орталықтар ашылатынын айтты.

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл

«Өңір басшысының тапсырмасымен ең алғашқы ұйым Талғар ауданында ашылды. Себебі мұнда халық тығыз орналасқан, көпбалалы 6123 отбасы бар. Қазіргі таңда орталықты үлкенірек ғимаратқа көшіру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Айта кетейік, орталықта психолог, заңгер, әлеуметтік қызметкер, мұғалім, тағы бірнеше маман қызмет етеді. Оларға мемлекеттің арнайы бағдарламасы бойынша еңбекақы төленеді. Болашақта мамандар саны артады.

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл
Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл
Тегтер: Талғар

Ұсынымдар

Фото: Аслан Қажеке

Марғұлан Сейсембаевтың Талғар ауданындағы жобасы неге іске аспай қалды? – Cұлтанғазиевтің пікірі

28.01.2023

Өткен тәулікте 59 адамнан коронавирус анықталды

28.01.2023

Риддерде әйел 2 жасар баласын балконнан құлатып алды

28.01.2023

Қазақстанда құбыжық бейнесіндегі ойыншық сатылымына шектеу қойылуы мүмкін

28.01.2023

Шымкентте бірнеше шенеунік қамауға алынды

28.01.2023

Балқаш ауданының дәнді дақылдар өнімін арттыруға ғалымдар араласатын болды

27.01.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz