-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Жетісу облысына 200-ден астам дәрігер керек

Жетісу облысында дәрігерлер әлі де жетіспейді. Қазір өңірге 202 маман қажет. Олардың 157-і қалаға қажет болса, қалғаны ауылдарға керек.

Айжан Умбеткали
01.11.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіровтің айтуынша, кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін мамандарды баспанамен қамту, балаларын балабақшаға орналастыру сияқты әлеуметтік қолдау қарастырылған.

«Қазіргі уақытта Президент тапсырмасымен ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Денсаулық сақтау саласын жаңғырту келесі жылы басталады. Жетісу облысы бойынша жоспарға 59 нысан енді. Оның ішінде 15 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік пункт және 5 медициналық пункт бар. Сондай-ақ, биыл облыстың 6 ауданында 12 блок-модульдік конструкция орнатылып жатыр. Оның 5 нысаны қазіргі уақытта қолдануға берілді. Бұл орталықтар Көксу, Ескелді және Алакөл аудандарында орналасқан. Қалған 7 нысан желтоқсан айының басына дейін пайдалануға беріледі», – деді Арман Жансеңгіров.

Сонымен қатар, Жетісу облысының медициналық мекемелерінде «Enbek.kz» электронды еңбек биржасы тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Ұсынылған бос жұмыс орындарына әр апта сайын талдау және жаңарту жүргізіледі.

Үміткердің біліктілік деңгейіне және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарға сәйкес персоналды іздеу және іріктеу жүзеге асырылады. Биыл Жетісу облысының медициналық ұйымдарына 82 дәрігер келіп, «Enbek.kz» порталы арқылы қабылданған.

2021-2022 жылдары біліктілікті арттыру үшін облыс дәрігерлері (акушер-гинекологтар, анестезиологтар-реаниматологтар, невропатологтар, психиатрлар) Түркия, Ресей, Беларусь сияқты шет елдерде білім алған. Бүгінгі таңда облыста 361 медициналық ұйым көмек көрсетеді.

Тегтер: Жетісу облысы

Ұсынымдар

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

Жетісу облысында сыртқы жарнама үшін негізсіз салық есептелген – Антикор

01.02.2023

Алматы облысы Жібек жолы ауылындағы ағаштардың заңсыз кесілуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

01.02.2023

Алматы облысында селден қорғайтын 26 нысан жұмыс істеп тұр

01.02.2023

Жетісу облысында көлік аударылып, салдарынан жүргізуші қаза тапты

01.02.2023
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қонаевта есірткі синдикатының ұйымдастырушылары ұсталды

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz