-2 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Жетісу облысында 40-қа жуық отбасы апатты үйде тұрып жатыр

Жетісу облысындағы Сарыөзекте апатты деп танылған екі қабатты 5 үйде 40-қа жуық отбасы тұрып жатыр.

Айжан Умбеткали
23.12.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Тұрғындар бір күнде үйіндінің астында қаламыз ба деп қорқады. Бірақ әкімдік оларды қауіпсіз үйге көшіруге асығар емес. Себебі, оларды қазір қоныстандыра қоятын үй жоқ.

«Биыл біздің үйді апатты деп таныды. Алайда, әлі осы жерде тұрып жатырмыз. Билік бізге бір жағдай болғанын күтіп отыр ма, түсініксіз. Бізде сондай сәттен кейін ғана қозғала бастайды ғой», – деді апатты деп танылған үйдің тұрғыны Шәйгүл Малаева.

Шәйгүл Малаева әкімдіктің құрғақ уәдесінен шаршағанын айтады. Ол қабырғалары жарылып, жауын жауса жан-жағынан су сорғалайтын үйдің тесігін бітеп шаршадым дейді. Тұрғындар сыз тартқан үйде балалары да ауырып, сабақтан жиі қалатынына қиналады.

Ал Кербұлақ ауданының әкімі Қанат Есболатов үйлердің апатты деп танылғанын растады, бірақ дәл қазір тұрғындарды өзге үйге көшіре алмайтынын жеткізді. Себебі, Сарыөзекте дайын тұрған пәтер жоқ.

Айта кетейік, Сарыөзек ауылы Кербұлақ ауданының орталығы болып табылады.

«Келер жылы Сарыөзекте 60 пәтерлі үй салынады деп жоспарланды. Ол баспаналар әлеуметтік осал топтарға беріледі. Бірақ біз Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың атына осы апатты деген үйлердің тұрғындарына жаңа баспана беру мәселесін ұсынайық деп отырмыз», – деді Қанат Есболатов.

Тегтер: апатты үйЖетісу облысыСарыөзек

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz