-12 °c
Qonaev
Сенбі, Қаңтар 28, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Жетісу облысында ауыл әкімін сайлауға қатысты даудан кейін бюллетеньдер қайта саналды

Жетісу облысында ауыл әкімін сайлауға қатысты туындаған даудан кейін дауыс беру бюллетеньдері қайта саналды.

Ғалия Мұхамбетқызы
29.12.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Ауыл әкіміне кандидат болған Көксу ауданы Алғабас ауылының тұрғыны Ержан Батыршаев сайлаудың әділетсіз өткеніне шағымданды.

«2022 жылдың 18 желтоқсанында ауыл әкіміне сайлау өтті. Сол сайлауға Алғабас ауылының атынан кандидат болып тіркелдім. Сайлауда менің азаматтық құқымды жерге таптап, заң бұзып, маған дауыс бергізбей, ауыл тұрғындары атынан бюллетень жасады», – деді Ержан Батыршаев Президентке жолдаған видеоүндеуінде.

Оның сөзінше, оның заңды өкілдері сайлауға келіп, дауыс беруге келген адамдар санын есептеп отырған. Айтуынша, сайлауға 418 адам келген. Ал бюллетеньдерді санағанда 418 емес, 520 дауыс беру қағазы шыққан. Яғни шағымданушы 102 адамның дауыс беру қағазының қолдан жасалғанын алға тартып отыр,

Бірақ Көксу ауданының әкімдігі шағымдағы уәжді жоққа шығарды.

«Батыршаевтың шағымынан кейін сайлау комиссиясы бюллетеньдерді қайта санап шықты. Бұл жұмыстар дәлелдеме ретінде видеоға түсірілді. Комиссия қорытындысына сәйкес, сайлаудың заңды түрде өткені анықталды», – делінген Көксу ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Әкімдік мәліметіне сүйенсек, сайлау қорытындысы келесідей: С. Исагуловқа – 359, Е. Батыршаевқа – 330, А. Ахметовке 4 адам дауыс берген.

Тегтер: әкімЖетісу облысысайлау

Ұсынымдар

Өткен тәулікте 59 адамнан коронавирус анықталды

28.01.2023

Риддерде әйел 2 жасар баласын балконнан құлатып алды

28.01.2023

Қазақстанда құбыжық бейнесіндегі ойыншық сатылымына шектеу қойылуы мүмкін

28.01.2023

Шымкентте бірнеше шенеунік қамауға алынды

28.01.2023

Балқаш ауданының дәнді дақылдар өнімін арттыруға ғалымдар араласатын болды

27.01.2023
Фото: Аслан Қажеке

Шенеуніктердің тиімсіз жоспарлауы салдарынан бірқатар жобалар уақытылы іске аспай, ал қаржы игерілмей жатыр – Cұлтанғазиев

27.01.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz