-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Жетісу облысында қант қызылшасының дақылдары 2,5 есеге артады

Биыл қант қызылшасын өндіру бойынша алда келе жатқан өңір 6 мың гектарға дақыл екті.

Ғалия Мұхамбетқызы
10.10.2022
Аймақ
Фото: Жұмабай Мұсабеков

Фото: Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Сонымен қатар, 2026 жылға қарай қант қызылшасын егу алаңын 2,5 есеге ұлғайту жоспарланып отыр. Жалпы республика бойынша 2026 жылға дейін егіс алқаптарын 38 мың гектарға дейін ұлғайту көзделді.

Ауыл шаруашылығы министрі өңірге жұмыс сапары кезінде қант саласының биылғы жағдайымен танысты.

Ербол Қарашөкеев 300 гектар жерге қант қызылшасын егіп, тамшылатып суғару қондырғыларын ұтымды пайдаланған «Қызылшоқы» шаруа қожалығының егістігін аралады. Аймақ фермерлері министрге техниканың тозғанын жеткізді. Өңірдегі қызылша жинайтын комбайндардың жартысынан көбі жарамсыз күйге түскен.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Министр қызылша техникасына субсидиялау нормативін 50% дейін ұлғайту жөніндегі ұсыныс қаралып жатқанын атап өтті.

«Сонымен қатар, қызылша өсірушілердің өтініші бойынша мемлекеттік қолдауды қайта қарау шеңберінде субсидиялау нормасын 15-тен 25 мың теңгеге дейін ұлғайтудың арқасында келесі жылдан бастап қайта өңдеуге тапсырылған қант қызылшасының бір тоннасының құнын 40 мың теңгеге дейін ұлғайту жоспарланды. Бұл қызылша өсірушілерді ынталандыру. Осылайша, қант қызылшасының рентабельділігі жүгері, рапс және соя сияқты дақылдардың деңгейіне жеткізіледі», – деді Ербол Қарашөкеев.

Көксу қант зауыты өңдеуге шамамен 24,7 мың тонна қант қызылшасын қабылдады. Келесі аптада осы шикізаттан түйіршіктелген қант шығара бастайды. Кәсіпорын жұмысымен Ербол Қарашөкеев те танысты. Кәсіпорынға шикізатты Жетісудың барлық аудандарынан шаруа қожалықтары жеткізеді.

Өткен жылдан бастап зауыт үздіксіз жұмыс маусымына көшті. Осының арқасында биыл кәсіпорын Қазақстан нарығына 48 мың тонна қант жеткізеді.

Тегтер: Ербол ҚарашөкеевЖетісу облысы

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz