Оның үйінде тінту жүргізіліп, сот ғимаратына жеткізілді. Бұған дейін қалада ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы операция басталып, Имамоглу мен кеңесшісі Мурат Онгунға қамауға алу ордері берілген.
Айта кетейік, Имамоглу CHP праймеризінде жалғыз кандидат болды. Алайда Ыстамбұл университеті Бас прокуратураның сұрауымен оның дипломын жарамсыз деп таныды, бұл оның президенттікке үміткер болуына кедергі келтіреді.