«Жергілікті атқарушы органдардан алынған ақпараттарға сәйкес, 2022 жылы анықталған рұқсат етілмеген 351 қоқыс орындарының 254-не бүгінде тазалау жұмыстары жүргізіліп, толық жойылған. Осы аумаққа тиісті жергілікті органдар рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп жатыр», – дейді дейді Алматы облысы бойынша экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің Данияр Өмірбеков.
Қоқысты бей-берекет үйген Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл ауданы, Қарасай ауданы, Кеген, Талғар аудандары мен Қонаев қаласы. ҚР ӘҚБтК-нің 324 және 344-баптарымен 52 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 5 620 605 теңгеге айыппұл салынды.
Жалпы облыстық энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметі бойынша облыс аумағында 7 тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары және қалдықтарды уақытша сақтауға арналған 131 орын бар.
Сонымен қатар биыл елдімекендерді санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджет қаражатынан 798,2 млн. теңге бөлінген.