Министрдің сөзіне сүйенсек, Алматы облысы – картоп пен көкөніс-бақша дақылдарының негізгі өндірушілерінің бірі. Өткен жылы 502,2 мың тонна картоп, 800,1 мың тонна көкөніс дақылдары, 61,6 мың тонна бақша дақылдары жиналды.
«Былтыр Алматы облысында дәнді дақылдардың жалпы жиналуы 608,6 мың тоннаны құрады, оның ішінде 65,0 мың тонна бидай, 175,7 мың тонна арпа, 340,1 мың тонна дәндік жүгері, 64,9 мың тонна майлы дақылдар жиналды», – деді министр.
Ербол Қарашөкеевтің мәліметінше, дайындалған жем көлемі тауар өндірушілер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың малдарын қыстыгүні толық қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ министр өткен жылы Алматы облысында 45,9 млрд. теңге сомасына 22 инвестициялық жоба пайдалануға берілгенін айтты.