Отырыс барысында Алматы және Жетісу облыстарының бөлінуіне байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының бірқатар құрылымдарының басшылары сайланды.
Жаңадан сайланған басшылардың тізімі төмендегідей:
- Облыстық Ассамблея төрағасының қоғамдық орынбасары – Ильдар Юлдабаев;
- Облыстық Аналар кеңесінің төрағасы – Жошыбаева Гүлнар Сағатқызы;
- Облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы – Беспаев Амангелді Дәнібекұлы;
- этносаралық мәселелер жөніндегі жетекші журналистер мен сарапшылар клубының төрайымы – Қызайбаева Гүлжан Ерікқызы.
Сонымен қатар облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдегі Ассамблеяның жұмысына тоқталып өтті.
«2022 жылы этномәдени орталықтардың ұйымдастыруымен 300 іс-шара өтті. Қоғамдық келісім жұмысын жандандыру мақсатында 6 ауданға (Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Қарасай, Жамбыл, Ұйғыр) 30 жұмыс орны бөлінді», – деді жыл қорытындысын жасаған өңір басшысы.
Айта кетейік, облыс бойынша Ассамблея құрамында 20 мыңнан астам маман қызмет етеді.