Министр өзінің баяндамасын елімізде медициналық-демографиялық көрсеткіштердің жақсарғаны жайлы деректерден бастады.
«Үкіметтің маңызды міндеттерінің бірі – республика азаматтарының денсаулығын нығайту. Мемлекет басшысының халыққа медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін біз өткен жылы кешенді жұмыс жүргіздік. Бұл тапсырмаларды іске асырудың арқасында халықтың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштері жақсарды», – деді Ажар Ғиният.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, облыста қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 26%, обырдың – 5%, тыныс алу ағзаларының ауруларынан 43% және туберкулезден болатын өлім-жітім 25% төмендегені байқалады.
«Алматы облысы бойынша халықтың жалпы өлім-жітімі 2021 жылмен салыстырғанда 13%-ға ұлғайды. Ана өлімі 3 есе төмендеді, 2022 жылы нәресте өлім-жітімінің деңгейі 9%-ға ұлғайды. Өткен жылы халықтың өмір сүру ұзақтығы артты», – деді министр.