Облыс халқының 84%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Жаңадан қабылданатын Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы ауыл экономикасын дамытуға, жер қатынастарын реттеуге, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқаруды, инфрақұрылымды және басқа да маңызды аспектілерді жаңғыртуға бағытталған.
«Бұл салаға жыл сайын мемлекеттен қомақты қолдау көрсетіліп жатыр. Мәселен, өткен жылы 31 млрд. теңге субсидия бөлінсе, биыл – 33,7 млрд. теңге қарастырылған. Бұған қоса, биылғы жылы Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла басталды, оның басты мақсаты – ауылдық жердегі халықтың табысын арттыру», – деді аймақ басшысы.
Біздің облысқа республикалық бюджеттен 8,3 млрд. теңге қарастырылған, 3 мыңнан астам өтінім берілді.