Жазбадағы мәліметке сүйенсек, жан түршігерлік апат Жамбыл мен Рахат ауылдарының арасында болған. Камаз қаққан азаматтың денесі бөлшектеніп қалған.
«Жүргізушінің айтуынша, белгісіз азамат жүк көлігінің астына өзі секірген. Куәгерлер де жүргізушінің сөзін растап отыр. Оқиға 26 қыркүйекте шамамен таңғы 7:15 шамасында орын алған. Видеотіркегішке жазба жазылса, бізге хабар берулеріңізді сұраймыз», – делінген kris.p.karasai парақшасында.
Ал желі қолданушыларының бірі «иманды болсын» деп жазып жатса, енді бірі «өз өмірін қиғанымен, камаздың водителінің өмірін құртатын болды ғой» – деп пікір білдіруде.
Алматы облысының ПД әлі ешқандай ресми жауап жариялаған жоқ.