Ерлі-зайыптылардың айтуынша, түнде оларды қарақұрт шағып алған. Оның үстіне, күйеуі 2-санаттағы қант диабетімен, ал әйелі қаназдық ауруымен ауырады екен.
Науқастар дәрігер тексеріне соң жансақтау бөліміне жатқызылып, келесі күні терапия бөліміне ауыстырылған. Олар емханада ем алып, 5-ші күні өз шешімдерімен үйлеріне қайтқан.
«Егер қарақұрт шағып алған соң науқас қатты ауырып тұрмаса, үйіне қайтарылады. Бірақ, көбіне оларды емханаға жатқызады. Улы жәндіктердің, өрмекшінің шағуы созылмалы ауруы бар науқастарға қауіп төндіреді. Олар дереу дәрігерлерге қаралуы тиіс. Әйтпегенде, салдары өлімге әкеледі», – деді терапевт-дәрігер Қуанышбай Ғабит.
Аталған аурухана дәрігерлерінің көмегіне ай басынан қарақұрт шаққан 2 адам, жылан шаққан 1 адам жүгінген.