Атап айтқанда, жыл басынан бері 1 желтоқсанға дейін өңірде 578 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Оның ішінде, 42 қылмыстық іс қозғалып, 558-і аяғына жеткен жоқ. Мұндай қылмыстардың ашылуы 6,9 пайызды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,3 пайыз төмен.
Соңғы бес жылда тіркелген фактілерге талдау жүргізу нәтижесінде алаяқтықтың 12,8 есе артқаны анықталды.
Облыс аумағында ғаламтор арқылы ең көп таралған алдау түрлері:
— онлайн қарыз алу – 62;
— тауар сатып алу үшін алдын ала төлем жасау – 192;
— «ақшаның сомасын көбейту» – 10;
— «инвестиция» – 9;
— «банк қызметкерлеріне» қолжетімділік жасау – 59;
— банк қосымшалары арқылы – 42.
Алматы облыстық полиция департаметінің криминалдық полиция басқарма бастығы Нұрлан Сайдалиннің айтуынша, аталған қылмыс түрімен күресте халықпен түсіндірме жұмыстарын жасау жақсы нәтиже береді.
Полиция департаменті IRIS атты бағдарламаға қаржы бөлуді сұрап отыр. Бұл хабарласып тұрған нөмірдің мекенжайын бірден табуға көмектеседі. Бұдан бөлек, абоненттердің ғаламтордағы IP-мекенжайын жылдам анықтауға ықпал ететін «SNIFFER» аппаратты-бағдарламалық кешенін сатып алу қажет.
Посмотреть эту публикацию в Instagram