Дәрігерлер 9, 10, 12 жастағы үш баланың жағдайы ауыр, бір баланың жағдайы орташа ауырлықта деп бағалап отыр.
«Бүгінгі таңда жол көлік оқиғасынан зардап шеккен үш баланың жағдайы ауыр. Реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр. 13 жасар 1 қыз баланың жағдайы орташа ауырлықта. Ол аурухананың травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Балалар басқарма тарапынан бақылауға алынып, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Аурухана қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Дәрігерлер қолдан келгенше балаларды аман алып қалуға тырысып жатыр», – деді басқарма басшысы Өмірзақ Ниязбекұлы.
Естеріңізге сала кетсек, Алматы облысында респбликалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолында ақылы өткелде болған жол апатынан 9-10 жастағы 5 бала зардап шекті. Іле ауданында оқыс оқиға салдарынан зардап шеккен 4 оқушы Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген болатын. Қазіргі уақытта 4 бала ауруханада дәрігерлердің бақылауында, бір оқушыға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.