«25 қазан күні сағат 19:50 шамасында Lexus автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Алматы – Шелек – Қорғас автожолымен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, Арман ауылының маңында жаяу жүргіншілерді қағып кетті.
Апат салдарынан зардап шеккен кәмелетке толмаған 5 бала ауруханаға жатқызылды. Айта кету керек, жаяу жүргіншілер жолды белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан.
Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды», – делінген Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінде.