«Белгілі болғандай, ол 2023 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 11-де мотоциклмен тауға шығып, қайта оралмаған. Сағат 16:30-да ол досына бейнежазба және геолокация жіберіп, тауларда қалың тұман бар екенін және қайтып оралу мүмкін еместігін хабарлаған», – делінген ведомство хабарламасында.
Іздестіру-құтқару жұмыстарын ТЖ департаменті, республикалық жедел-құтқару жасағы қызметкерлері және жоғалған адамның достары жүргізді.
«Шатқалдың ішінде шамамен төрт шақырымдай жүріп, жоғалған туриске қарай көтеріліп, сағат 21:33-те оны көлікке аман-есен жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады», – делінген хабарламада.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖ департаментінің 4 қызметкері мен техникасы, кинологиялық есеппен 4 құтқарушы және республикалық жедел-құтқару жасағының техникасы, жоғалған азаматтың 3 досы жұмылдырылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және туристік маршруттарда сақтық шараларын сақтауға шақырады.