Импланттау сабағы Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасының эндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Орынбасар Тайманұлының қатысуымен өтті. Мұнда ауыр, созылмалы жүрек жетіспеушілігіне шалдыққан екі науқасқа CRT-D және ICD импланттау жүргізілді. Ота сәтті өтіп, қазірде науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Олар үйлеріне шығаруға дайындалып жатыр.
«Қазіргі таңда созылмалы жүрек жетіспеушілігі кардиологияның маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Жыл сайын бұл дертпен 100 000 адамға шаққанда 5-8 жаңа жағдайы кездеседі. Әлем бойынша жылдағы өлім көрсеткіші 7-14%. Науқастарды емдеудің негізгі қағидасы – өмірді ұзарту және оның сапасын арттыру. Өкінішке орай, барлық дәрі-дәрмектерді қабылдаған кездің өзінде, пациенттердің жағдайын жақсарту үнемі мүмкін емес болып жатады. Бивентрикулярлы кардиостимулятор деп аталатын бұл құрылғы микросхемалар мен батареядан тұрады», – деді аритмолог-дәрігер Қанат Ергешев.
Статистикаға сүйенсек, жылына АҚШ-та 400 000, Ресейде 52 000-ға жуық, Қазақстанда 5 600 импланттау жүргізіледі. ТМД көрсеткішіне сүйенсек, дилатациялық кардиомиопатия имплантациясы жылына 100 000 адамға шаққанда 28-30 адамда кездеседі. Ал АҚШ-та 130 факті тіркеледі.
Айта кетерлігі, бұрын хирургиялық жолмен емдеудің бұл түрін алу үшін науқастар республикалық емханалардың немесе ірі медициналық мекемелердің мамандарына жүгініп, отаны ұзақ күтетін.
Қарасай ауданында CRT-D және ICD импланттау технологиясы енгізілгелі бері тұрғындар міндетті медициналық сақтандыру аясында уақтылы, сапалы медициналық қызмет алып отыр.